• slide1
  • slide8
  • slide6
  • slide9
  • slide10

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы КИРИЛЛДІҢ архипапстырларға, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие Қауымының барлық адал ұл-қыздарына Пасхалық жолдауы

Пасхальное послание Патриарха Московского и всея Руси Кирилла

Біздің Құдай Иеміз Иисус Христостың

Әкесі және Құдайы баталанған, Өзінің зор

мейірімділігіне бола, бізді Иисус Христостың

өлімнен тірілуі арқылы алдыңғы қалпымызға

келтіргені үшін

(1 Пет. 1, 3)

Аса қасиетті архипастырлар, аса ардақты әкелер, ең адал иноктар мен инокинялар, қымбатты аға­-інілер мен әпке-қарындастар!

Осы тамаша және аса салтанатты, табыттан тіріліп тұрған Құдай Иеміз Иисус үшін аса қуанышқа толы күнде, барлықтарыңды шын жүректен ұлы және әлемқұтқарған Пасха мерекесімен құтықтап, сендерге көне өміртіректі сәлем беремін:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

Енді Біртұтас, Киелі, Алқалы және Апостолдық Қауымның толықтығы, Құдай Ұлы және Адам Ұлы біздің Құдай Иеміздің өлімнен тіріліп, өлімнің билігін жеңіп және бізге Өзінің Мәңгілік Патшалығына жол ашқанын әндермен және рухани әндермен салтанатты айтады. Шыныменде бүгін бәрі: аспан да, жер де, тозақ та жарыққа толы; барлық жаратылыс Христостың өлімнен тірілгенін тойлайды, Онда бәрі бегітілген (Киелі Пасха Каноны).

Өлімнен тірілудің бірінші куәгерлері болған евангелиелік миро тасыған әйелдер және Құтқарушының басқа да үйренушілері сияқты, бізде осы ұлы қуанышты – бізге жақын және қымбат адамдарға, біздің айналамыздағы, біз білетін адамдарға уағыздауға   шақырылғанбыз. Біз оларға: Христос тірілді! - дейміз, сонда, көп жүз жылдар бұрын айтылғандай олардың кейбіреуі сеніммен сол сәтте: шыныменде тірілді! – деп жауап береді. Басқалары апостол Фома сияқты, күмәнданып: Оны өз көзіммен көрмейінше, Оған өз қолымды тигізбегенше сенбеймін ( Ин. 20, 25) - деп айтады. Кейбіреулері бұл хабардан мүлдем бас тартады.

Құдай Ие Иисустың өлімнен тірілуіне деген сенім христианствоның орныққан  тұрақты ірге тасы, тиянақты тіреуі болып табылады. «Егер Христос қайтыс болып, қайта тіріле алмаса ­– дейді киелі епископ Иоанн Златоуст, - онда күнә жойылмаған, және өлім жеңілмеген», <…>тек біз ғана пайдасыз уағыздадық, сендерде пайдасыз сендіңдер» (Коринфяндарға 1-ші жолдауына  39-шы әңгімесі).

Өзінің кешірім үшін берген құрбандығымен Құтқарушы Аспан мен жерді, Мәңгілік пен уақытшаны, Жаратушы мен жаратылғанды, Құдай мен адамды біріктірді. Ол ең басында Жаратушыдан адамдарды бөлген тұңғиықты еңсерді. Оларға берген өсиетті бұзу арқылы, олардың Жаратушысына тіл алмағаны арқылы, әлемде күнә мен өлім үстем болды. Апостол Павелдың айтқан сөзі бойынша, уақыт толған кезде, Құдай біздің құтқарылуымыз үшін Өзінің Біртуған Ұлын жіберді, біздің Құдай ұлдары болуымыз үшін (Гал. 4, 4-5).

Христос, Құдайдың бейкүнә және таза Қозысындай, Өзіне әлемнің күнәсін алады (1 Пет. 1, 19; Ин. 1, 29). Аспандағы Әкеге өлімге дейін, крестегі өлімге дейін тіл алушылық білдірді (Флп. 2, 8), Ол адам баласын оның Жаратушысына әкелді, оны Онымен татуластырды. Табиғатымен Құдай Ұлы бола тұра, Ол бізді нұр жауған құт берекесі жағынан Құдайдың ұлдары етті. Құдай Ие бізге өнегелі өсуге және рухани шыңдарға және Құдаймен мәңгі бақытты өмірге Оның кеш батпайтын Патшалық күніне жол ашты (Киелі Пасха Каноны).

Бізді күнә құлдығынан босатып, осы ғасырдың түнек әлембилеушілерінен – аспан астындағы қаһарлы жындарының (Еф. 6, 12) билігін құлаттып, Құдай Ие аспанға көтіледі, ол жерде Мәңгі Әкенің оң жағында берікті даңқымен отыр. Сонымен бірге, бір мезгілде Ол бізді осы жерде де тастамайды, Өзінің үйренушілерімен бірге, Оның Денесін құраған – Біртұтас, Киелі, Алқалы және Апостолдық Қауым. Христос, Оның Басшысы, бұл құтқарылу кемесін күнделіткі теңіздің екпінді сулары арқылы өткізіп, тыныш аспанды айлағына алып келеді, ол жерде Құдай барлығында болады (1 Кор. 15, 28).

Киелі Қауымды құрай отырып, біз, христиандар, Оның жер бетіндегі даңқты миссиясының жалғастырушылары боламыз. Бізге дейін болған көптеген сенімдес болған аға-інілер мен әпке-қарындастар – апостолдар, миро тасушы әйелдер, куәгерлер, киелі епископтар, киелі монахтар және тақуалар сияқты, бізде Құдай Иенің атын жариалауға, халықтар арасында Оның ісін мадақтауға шақырылғанбыз (1 Пар. 16, 8). Біз, Өзінің бізге деген айтуға сөз жетпейтін махаббатына бола, Кресте Өзінің ең таза Қанын төккен Құдай Ұлы және Адам Ұлы жайында уағыздауға шақырылғанбыз. Біз сөзімізбен, және ісімізбен, және бүкіл өмірімізбен адамдарға, біздің заңсыздығымыз үшін соққы алып қайғы Шеккен жайында (Ис. 53, 5) және біздің күнәдан өтелуіміз үшін өлімнен тірілген жайында (Рим. 4, 25) куәландыруға шақырылғанбыз.

Қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар! Тағы және тағы шын жүректен барлықтарыңды жарқын мерекенің мерекесі және салтанаттың салтанаты – Құдайдың құтқарулы Пасхасымен (Киелі Пасха Каноны)  құттықтаймын. Киелі апостол Иоанның бізге берген өсиетіне сәйкес, бір-бірімізді жақсы көрейік, өйткені махаббат Құдайдан, Ол бізді жақсы көре Өзінің Ұлын жіберді, біздің күнәмізге мейірім беру үшін. Егер Құдай бізді осылай жақсы көрсе, бізде бір-бірімізді жақсы көруіміз керек (1 Ин. 4, 7-11). Осы керемет сөздер біздің өміріміздің барлық жолдарымызда өзгертілмей жетекшілік болып, игілік істерді жақындарымызға және алыстағыларымызға істеуге шабытандырсын. Аумин.

Құдай Ие жаратқан осы күні, шаттаннайық және көңілденейік, өйткені ШЫНЫМЕНДЕ ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

 

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ КИРИЛЛ

Христос Пасхасы

2019 жыл

Икона дня

Православный календарь

Расписание богослужений

Богослужения в нашем храме совершаются ежедневно

Начало богослужений:

В будни – утром в 8.00 ч., вечером в 16.00

В воскресные дни – утром в 7 и 9 чч., вечером в 16.00