Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы КИРИЛЛДЫҢ архипастырьларға, пастырьларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие Шіркеуінің барлық адал балаларына Рождестволық жолдауы

 

Thumbnail imageЖаратқан Иеміздің сүйікті архипастырьлары, аса құрметті пресвитерлер мен диакондар, тақуа иноктар мен инокинялар, қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар!

 Сіздерді ұлы Мәсіхтің Туған күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жарқын түнде бүкіл жаратылыс қуанады, өйткені халықтардың күткені және әлемнің құтқарушысы Жаратушы жақындауда және келеді (Мәсіхтің Туған күні мерекесіндегі канон). Құтқарушының келуін жұмақтан қуылғаннан кейін Жаратушысымен байланысын үзген, күн сайын Құдайдың бар екенін сезіну және Оның дауысын өте жақын есту, Жаратушы сенімен бірге болғандықтан Оған жүгіну және бірден жауап алу, толық қауіпсіздікте екеніңді білу қаншалықты қуанышты екенін ұмытқан адамдар көп жылдар бойы күтті. Бүгінде біздің өмірімізде зиянды келеңсіздіктер орын алып жатқанда, бірдеңені болжау және жоспар құру қиындық туғызғанда, ертеңгі күнімізге сенімсіздік үнемі тығырыққа тіреп, алаңдатушылық туғызған кезде бізге  дәл осы қауіпсіздік, сенімділік және тыныштық сезімі жетіспейді. Алайда, осынау қиын жағдайларда біз адам болмысының нәзіктігін ерекше сезіндік, әрбір жаңа күнді Құдайдың ең үлкен сыйы ретінде бағалауымыз керек екенін түсіндік, мәжбүрлі  жалғыздықтың қаншалықты ауыр жүк болатынын және отбасыңмен, туған-туыстарыңмен тұрақты қарым-қатынаста болу мүмкіндігінің қаншалықты маңызды екенін түсіндік.

Ақырда жатқан Нәресте Мәсіхке, Оның Ең Таза Анасы мен әділ Жүсіпке қарап, біз Құдайға және адамдарға деген сүйіспеншілік қана бізді әртүрлі сынақтарда нығайта алатынын, жүрегімізден қорқынышты кетіретінін, жақсылық істер жасауға күш беретінін түсінеміз.

Қасиетті Құдай Анасы да өмірінің аса маңызды сәттерінің бірінде таршылық жағдайда – бейтаныс қалада, елсіз, мал үңгірінде болды ғой. Алайда жұпыны үңгір Оған тамаша сарайдай көрінді (Мейрам алды тропарі), өйткені Оның жүрегі Ұлы мен Құдайға деген сүйіспеншілікке толы болды: бұл сүйіспеншілік айналадағының бәрін өзгертті, сондықтан Құдай Анасы не қолайсыздықты, не үңгірдің жұтаңдығын елемеді. Жаратушыға деген алғыс және жаңа туған Нәрестеге деген мейірім Оған қиындықтарды бекер санауға және Жаратушы Оған жіберген барлық жағдайларда Құдайдың игілігін көруге мүмкіндік берді.

Бұл Құдайдың берген сынақтарын біздің қабылдауымыз өзгеше екендігін көрсетеді, мысалы, оқшауланған кезде көптеген адамдар тіпті үйлерін түрме ретінде қабылдап, үмітсіздікке бой ұрып, уайымға салынады. 

Бүгінгі күні барлық жаратылыс Жаратушымен - адамдар, жануарлар, періштелер, Аса Киелі және Үшбірлік Таңның қызметшілері (дүйсенбі күні таңертеңгі 5-ші дауыстың каноны) - Құтқарушының ақырына қарап, біз өзімізді Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленгенімізді  және Мәсіхтің жанында бірге екенімізді сезінеміз. Жүректерден қорқыныш пен сенімсіздіктің, алаңдаушылық пен үмітсіздіктің бұғауларын алып тастап, күнәһар жерге келіп, шаршағандар мен ауыртпалық көргендердің бәрін Өзіне шақырып, оларға тыныштықты уәде еткен Құдай Ұлының даусын тыңдайық ( Мф.11, 28). Ол келіп, бізді жоғалтып алған жұмақ бақытын қайтадан шындыққа айналдыруды, және одан бетер - адамды Жаратушысымен түсініксіз және жұмбақ түрде біріктіру үшін өмір сүруге үйретеді.

Жерде туған Көктегі Патша (мейрам стихирасы) бізді құтқару үшін бәрін жасады. Біз тек Оның сүйіспеншілігін қабылдай аламыз және оған өз іс-әрекеттерімізбен жауап бере аламыз - өсиеттер мен мейірімділік істеріне сәйкес өмір сүру, күшті сенім және Құдаймен бірге болуды қалау, Оның Әкелік қолынан мол нығметтерді қабылдауға дайын болу ғана емес, сонымен қатар осы немесе басқа қиындықтарды жеңу үшін Оған берік үміт пен сенім артайық.

Менің қымбаттыларым, Сіздерді тағы да Мәсіхтің Туған күнімен құттықтаймын.

«Ешкім бұл қуанышқа қатысудан босатылмайды, - деп куәландырады қасиетті Лев Великий, - себебі қуаныш барлығына ортақ. Әулие қуансын, өйткені ол даңққа жақындап келеді. Күнәһар қуансын, өйткені оған кешірім беріледі» (Мәсіхтің Туған күні туралы I сөз). Жаратушы баршаңызға рухани саулық пен тән саулығын, шексіз қуаныш пен жақсы көңіл-күй, еңбектеріңізге және құтқарылу жолында аяқ баса беруге күш-қуат нәсіп ете берсін. Аумин.

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РЕСЕЙ ПАТРИАРХЫ КИРИЛЛ

 

Мәсіхтің Туған Күні

2021/2022 ж.

Мәскеу